Қазақстанда ресейлік «Камызяки» тобының концерті өтпейтін болды

Топ бұғын дейін Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдап концерт қойған


14/09/2023
15:32 14702 0

Фото: Ашық дереккөзден

Ресейлік «Камызяки» әзілкештер командасының Алматы мен Астанадағы концерті болмайды. Бұл туралы концерт ұйымдастырушылары хабарлады.

«Камызяки» құрамында ресейлік әзілкештер Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов бар. Олар өткен аптада Ресей аннексиялап алған Донбасс аймағына барып концерт қойған.

– «Камызяки» ұжымы артистерінің әрекеті қоғам наразылығына ұшырағандықтан ұйымдастырушылар «Камызяки» командасының Қазақстандағы концерттерін өткізбеу туралы шешім қабылдады– деп хабарлады Vi Project концерт ұйымдастыру агенттігі инстаграмда.

Ұйымдастырушылар билет сатып алған көрермендерге ақшаларын қайтарып беретінін мәлімдеді. Бұл топтың Алматыдағы концерті 5 қазанда, Астанадағы концерті 7-8 қазанда өтеді деп жоспарланған.

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов Украинаның оккупацияланған Донбасс аймағында өнер көрсеткен соң олардың Қазақстанда концерт қоюына қарсы болған. Кеше, 13 қыркүйекте Tiketon.kz және Kino.kz билет сататын сервистерде «Камызяки» концертіне билеттер сатылымы тоқтатылған еді.

Ал Қазақстан мәдениет министрі Аида Балаева ресейлік «Спутник» сайтының Қазақстандағы редакциясының тілшілеріне «Біз концерттің мазмұнына қатаң талап қоямыз. Егер концертте аяси пропаганда мен қоғамды екіге шару талпынысы болса тыйым салынады» деген.

Осыған дейін Қазақстан Ресей әртістері Полина Гагаринаның Астанада, Григорий Лепстің Қонаевта, Лариса Долинаның Қарағандыда жоспарланған концерттеріне тыйым салған. Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдаған бұл әртістерді қоғамда «Z-әншілер» деп атау үрдісі пайда болған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/09/2023 15:32
14702 0

Уведомление